Түркістан облысы
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Өтініштер
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну
Өкінішке орай, бұл қызмет сіздің аймағыңыз үшін қол жетімді емес!

Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні

Қызметке кім жүгіне алады: ата-аналар (заңды өкілдері)

Қызметті алу үдерісі

1
Порталда авторланыңыз немесе тіркеліңіз
Порталда авторлану немесе тіркелу қажет
2
Мектепте тегін тамақтануды алуға өтініш беріңіз
Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы анықтаманы алу үшін өтінішті электронды түрде толтырыңыз
3
Келесі құжаттарды тіркеңіз
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде.
  1. Ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
  2. Бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет).
  3. 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі.
  4. Мәртебесін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі:

    • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

    • жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);

    • отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі, жетім баланың (балалардың) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) патронаттық тәрбиеге, қабылдаушы отбасына берілгені туралы шарт;

    • төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін – төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемнің қажеттілігін дәлелдейтін құжат.

4
Өтінішті жолдаңыз және оны тексеру нәтижесін күтіңіз
"mektep.snation.kz" порталындағы Жеке кабинетіңізге Сіздің өтінішіңіздің мәртебесі өзгергені туралы хабарлама келеді.
5
Тегін тамақтануды ұсыну туралы анықтама алу
Тегін тамақтануды ұсыну туралы анықтама алу немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызметке онлайн тапсырыс беру

Жиі қойылатын сұрақтар