Мектеп-интернат атауы: Түркістан облысы білім басқармасының «Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ. Кентау қаласы.
Бағыты: Жаратылыстану-математикалық бағытта білім береді.
Ашылған жылы: 2001 жыл
Білім беру тілі: қазақша, орысша
Сынып саны: 12
Білім алушылар саны: 330
Тереңдетіліп оқытылатын пәндер: математика, физика, химия, биология,
2017 жылдан бастап аталған пәндер ағылшын тілінде жүргізілуде
Интернат тұрғындар саны: 155
Тамақтану: 6 мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген
2013-2019 жылдар арасында облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздар саны-78 , Облыстық ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздар саны- 155, Республикалық және Халықаралық ғылыми жобалар сайысының және пәндер олимпиадасының жеңімпаздар саны-72 , «Алтын белгі» иегерлер саны-35, Үздік аттестат иегерлер саны – 51
Түлектер: 2013-2014 жылдар арасында мектеп-интернатты аяқтаған 124 түлек алыс, жақын шет елдерде білімін жалғастыруда. Атап айтсақ, Ресей, Қытай, Англия, Германия, АҚШ, Сингапур, Түркия, Канада, Малайзия елдері
Мектеп-интернатқа құжаттарды қабылдау 1 сәуір және 10 мамыр аралығында сағат 10.00 ден 16.00 ге дейін жүргізіледі.
Қабылданатын құжаттар:
1 Ата-анасының (Заңды өкілінің) өтініші
2 Үміткердің ЖСН көрсетілген (қоса берілген) туу туралы куәлігінің көшірмесі
3 Тиісті білім беру ұйымдарының мөрімен бекітілген оқудағы жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері
4 ¾ көлеміндегі 2 фотосурет.
Құжаттар қағаз түрінде және электронды түрде өткізілу қажет.
Конкурстық іріктеу екі кезеңде жүргізіледі
-2019 15 мамыр күні бірінші кезең онлайн тест (логика, ағылшын тілі)
-2019 жылғы 16 мамыр күні екінші кезең (математика, қазақ тілі немесе орыс тілі)
Қызмет атауы | Орын саны | Бос орын саны | Бос емес орындар | |
---|---|---|---|---|
Жеңілдікпен тамақтану
|
0 | 0 | 0 | Өтініш қалдыру |
Лагерьге жолдама
|
0 | 0 | 0 | Өтініш қалдыру |
Тегін тасымалдау
|
0 | 0 | 0 | Өтініш қалдыру |