Аймақты таңдаңыз
    Аймақты таңдаңыз
    Қазақша
    Русский
    Тіркелу Кіру
    Басты Өтініштер
    Лагерьге жіберуге өтініш беру
    Лагерьге жіберуге өтініш беру
    Қызмет Сіздің өңіріңіз үшін қол жетімді емес

    Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні

    Қызметке кім жүгіне алады: ата-аналар (заңды өкілдері)

    Қызметті алу үдерісі

    1
    Порталда авторланыңыз немесе тіркеліңіз
    Порталда авторлану немесе тіркелу қажет
    2
    Лагерьге жолдама алуға өтініш беріңіз
    Лагерьге жолдама алу үшін өтінішті электронды түрде толтырыңыз
    3
    Келесі құжаттарды тіркеңіз
       «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде.
    1. Жеке басын куәландыратын құжат.
    2. Баланың туу туралы куәлігі.
    3. Сауықтыру лагеріне баратын оқушыға медициналық анықтама.
    4. Мәртебесін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі:

      • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

      • жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);

      • отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі, жетім баланың (балалардың) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) патронаттық тәрбиеге, қабылдаушы отбасына берілгені туралы шарт;

      • төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін – төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемнің қажеттілігін дәлелдейтін құжат;

      • білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың негізінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымының алқалық органның шешімі.

    4
    Өтінішті жолдаңыз және оны тексеру нәтижесін күтіңіз
    "mektep.snation.kz" порталындағы Жеке кабинетіңізге Сіздің өтінішіңіздің мәртебесі өзгергені туралы хабарлама келеді.
    5
    Лагерьге жолдама алу
    Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама.
    Қызметке онлайн тапсырыс беру

    Жиі қойылатын сұрақтар