Аймақты таңдаңыз
    Аймақты таңдаңыз
    Қазақша
    Русский
    Тіркелу Кіру
    Басты Жаңалықтар
    Қазақстанның бес аймағынан 100 мұғалім білім жобаларын таныстырды
    Қазақстанның бес аймағынан 100 мұғалім білім жобаларын таныстырды

    Қазақстанның бес аймағынан жиналған 100 мұғалім америкалық Болл Стейт зерттеу университетінің үш апталық бағдарламасына қатысты. Бағдарламаның жабылу салтанатында 100 мұғалімнен жасақталған 25 команда АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Теодор Лингке және Назарбаев Университетінің вице-президенті Қадиша Дайыроваға өз жобаларын таныстырды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен серіктестік шеңберінде 2019 жылдың сәуірінде Болл Стейт университетінің профессорлары Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Өскемен және Ақтөбе қалаларының 50 ғылыми-жаратылыстану пәндері және 50 ағылшын тілі мұғаліміне жобалық оқыту негізіндегі кәсіби даму тренингін өткізген. Мамыр мен маусым айларында 100 мұғалім онлайн оқудан өтіп, 8-26 шілде аралығында Назарбаев университетіндегі тренингке қатысқан.

    Мұғалімдерді даярлау бойынша Болл Стейт зерттеу университетінің үш апталық бағдарламасын Қазақстандағы АҚШ елшілігі қаржыландырған. Елшіліктегі мәдениет бойынша атташе Энн Перреллидің айтуынша, жобаның басты мақсаты – Қазақстандағы үш тілде білім беруді жетілдіру және оқу-әдістемелік материалдарды көбейту. «АҚШ елшілігі Қазақстан ұстаздарының ағылшын тілін білу деңгейін көтеретін бұл жобаға қуана қолдау білдіреді. Үштілділік – жақсы бастама, сондықтан оған қолдау білдіруді ұйғардық. Бүгінгі жоба өте қызықты, себебі онда түрлі тәсілдер, STEM (Science, technology, engineering, and mathematics) бағытындағы технологиялар қолданылады. Тренингке қатысқан мұғалімдердің көпшілігі орта мектепте сабақ береді, бастауыш сынып мұғалімдері де бар. Біздің ойымызша, бұл үлкен жұмыс, STEM оқытушыларының басым бөлігі ағылшын тілін білу міндетті емес деп ойлайды. Бірақ, ағылшын тілін білу арқылы әлем бойынша ең үздік ресурстарға қол жеткізеді. Түрлі бағдарламаларға қатыса алады. Жоба биыл алғаш рет ұйымдастырылды. Келесі жылы да өз жалғасын табады деп үміттенеміз», - деді Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мәдениет бойынша атташе Энн Перрелли.

    Сонымен бірге, жобаға Назарбаев университетінің үздіксіз білім беру департаментінің ағылшын тілі оқытушылары да шақырылған. Бірлескен жоба нәтижесінде пән мұғалімдеріне қажетті оқытуға арналған ресурстар әзірленді. «Өз қаламыздың мұғалімдермен бірігіп, барлық өңірдегі ұстаздарға пайдалы болатын материал әзірледік. Бұл материалдар электронды түрде баршаға қолжетімді. Әзірге мұнда 5-сыныпқа арналған информатика пәнінің материалдары топтастырылған. Мұнда пән мұғалімі барлық тақырыпты іздеп таба алады. Терминология бөлімінде ағылшын тіліндегі терминдер, сөздік видеосы бар, түрлі жаттығулар мен қорытынды тестілеу енгізілген», - деді теміртаулық мұғалім Татьяна Кон.

    Ақпарат көздері:  www.edu.gov.kz